×

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру: ІІМ мен ҚМА күресті біріп жүргізеді

Follow the money қағидаты бойынша қаржылық тергеу әдісі енгізіледі

 Дәурен Ерболат 26.08.2024 | 09:00
Фото: polisia.kz

Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, кездесу қорытындысы бойынша қос тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім шеңберінде қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері полицияның жедел-тергеу топтарының құрамына кіріп, follow the money қағидаты бойынша қаржылық тергеу әдісін енгізеді. Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Ержан Саденов қылмыс киберкеңістікке көшу арқылы өзгерістерге ұшырағанын, қылмыстық жолмен келген кірістерді жылыстату үшін әртүрлі құралдар пайдаланылатынын айтты.

Бүгінде Астана мен Қарағандыдағы ведомствоаралық жедел-тергеу топтары есірткі саудасынан түскен қомақты кірісті заңдастыру және притондарды ұстау фактілерін анықтаған мысалдар бар, – деді министр.

Дмитрий Малахов агенттік ІІМ-ге қаржылық қылмыстарқа қарсы күресте сенімді серіктес ретінде қарайтынын атап өтті. Ол екі ведомствоның бірлескен іс-қимылы қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін пайдаланылатын қаржылық схемаларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама