Айналымы шамамен 800 миллион теңге болған
Ақтөбеде өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратын 14 адам 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты.
Бұл сорақылықты Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы анықтаған.
Сауалнама алынған «кәсіп иелері» бұған еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедектер екенін көрсеткен. Сонымен қатар, 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін мұндай «бизнес» айналымы шамамен 800 миллион теңге болған, - дейді аудан прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.