Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік қаңғыбастарды бір-бір фирмаға «директор», «құрылтайшы» етіп қойған

Айналымы шамамен 800 миллион теңге болған

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2022 | 17:40
Ақтөбелік қаңғыбастарды бір-бір фирмаға «директор», «құрылтайшы» етіп қойған
фото: megard.livejournal.com

Ақтөбеде өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратын 14 адам 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты.

Бұл сорақылықты Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы анықтаған.

Сауалнама алынған «кәсіп иелері» бұған еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедектер екенін көрсеткен. Сонымен қатар, 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін мұндай «бизнес» айналымы шамамен 800 миллион теңге болған, - дейді аудан прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама