Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары көлік жүргізіп келе жатқанда өртенсе не істеу керектігін айтты. Нұсқаулық ведомствоның Telegram-арнасына жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Автокөлік жүргізу кезінде өртенген жағдайда:
- үрейленбеңіз;
- көліктің қозғалтқышын тоқтатыңыз және өшіріңіз;
- көліктен шығып, жолаушыларды қауіпсіз қашықтыққа (кемінде 10 метр) кеткеніне көз жеткізіп, түсіріңіз;
- 112 нөміріне қоңырау шалыңыз;
- егер өрт аз болса және жану кезеңінде болса, өрт сөндіргішті пайдаланып, отты өзіңіз сөндіруге тырысыңыз;
- егер өрт салонда басталса, терезелер мен есіктерді қажетсіз ашпаңыз. Оттегінің жетіспеушілігінен жалын сөніп, жану сатысына өтуі мүмкін.