Qarmet зауытындағы жұмысшылар өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қымбат Елтайқызы

Қазір тергеу басталып кетті

фото: Halyq Uni

Qarmet металлургия зауытындағы жұмысшылыр өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Теміртау қаласындағы «Қармет» АҚ аумағындағы «Казмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымында орын алған жазатайым оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігіне сай, яғни «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп мәлімдеді Қарағанды ​​облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін Qarmet зауытында екі жұмысшының қаза тапқаны жайлы жазған едік.