Qarmet зауытында екі жұмысшы қаза тапты
Төтенше жағдай бүгін болған
Қазақстанның Теміртау қаласындағы Qarmet металлургия зауытында екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Qarmet компаниясының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 10.00 шамасында цехтардың бірінде бөлшектеу жұмыстары кезінде «Казмеханомонтаж» ЖШС жұмысшылары биіктен құлаған.
Компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрғанын мәлімдеді.
Бір жұмысшы 19 жаста ғана болса, екіншісі 38 жаста болған.