×

«Қазір астынан Шыңғыс хан шығады»: Қызылорда – Шымкент тас жолының видеосы жарияланды

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ түсініктеме берді

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 17:32
Көрнекі фото

Әлеуметтік желіде аптап ыстықтан бұзылған Қызылорда – Шымкент тас жолының видеосы шықты. Ол Instagram-дағы kris.p.taraz парақшасында жарияланды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ түсініктеме берді.

Ұлттық компанияның мәліметіне қарағанда, бұл жағдай 8 маусымда Түркістан облысы Төрткөл кенті аумағындағы Самара – Шымкент тас жолының Қызылорда –Шымкент ақылы учаскесінде болған.

Облыста ауа температурасының жоғары болуына орай (+40-45 С) цемент-бетон плитасы көтерілді. Қазір «ШымкентДорСтрой» ЖШС мердігер ұйымы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.

Сонымен бірге компания жол жөндеуге 10 жол қызметкері және 5 бірлік арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылып, қажетті жол белгілері орнатылғанын атап өтті.

Қазір жергілікті полиция патрульдеу жұмыстарын атқарып жатыр.

Видео Instagram-да жарияланғанда оған пікір қалдырған адамдар наразылықтарын білдірген.

«Мүйіз шығады, күте тұрыңдар», «Ақылы жолымыз осы ма?!», «Шыңғыс хан шығып келе жатқан шығар астынан», – деп жазған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама