Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы баланың денесі табылды

Халық үні

Жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан

фото: видеодан скриншот

Атыраулық құтқарушылар 22 тамызға қараған түні суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Halyq Uni хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

«Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - дейді құтқарушылар.