×

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Алматы, Ақтөбе қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды

 Халық үні 25.08.2024 | 08:30
Фото: Halyq Uni

25 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 25 тамыз, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Ақтөбе қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама