×

Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бұл - аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде

 Халық үні 24.08.2024 | 23:54
фото: olimpic.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан үздіктер қатарына енді.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.

Бұл - аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде.

Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама