18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Халық үні

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды

Фото: pixabay/Public Domain

25 тамызда еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте тамызда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Астанада найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.