Бұл – соңғы 3 күнде қайғылы жағдайға әкелген төртінші жол-көлік оқиғасы
Жетісу облысында ірі жол-көлік оқиғасы болып, көліктер өртеніп кетті, деп хабарлайды Halyq Uni Жетісу облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
23 тамызда сағат 18:15 шамасында Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолының батыс бағыттағы 278-шақырымында үлкен жол апаты болды. 8 жеңіл көлік тиелген жүк көлігі 6 жеңіл көлік тиелген басқа жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жүк көліктері де, олардың үстіндегі жеңіл көліктер де өртеніп кеткен.
Бірінші көліктің жүргізушісі аман қалды, екіншісінің жүргізушісінің тағдыры әзірге белгісіз. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп, оқиғаның себептері анықталып жатыр, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бұл – соңғы 3 күнде қайғылы жағдайға әкелген төртінші жол-көлік оқиғасы. Осы оқиғалардың салдарынан 5 адам қаза тапты.