Halyq Uni логотип
×

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған

Тағы бір мекемеде қызметкер мас күйде болған

 Динара Амантай 23.08.2024 | 17:04
Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған
Фото: Halyq Uni

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балабақшаларға тексеру жүргізіліп, мекемелерде әртүрлі салада 300-ден аса талап бұзылғандығы анықталған.

Ақпаратқа сүйенсек, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.

Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинады. Бұл ретте мекеме басшысы жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен бірге, 3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.

Бұған қоса, 19 мекемеде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.

Кінәлілер жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама