Пхукетке тікелей тұрақты рейстер ашылады
Билет құны 330 мыңнан асады
Air Astana 26 қазаннан бастап Астанадан аптасына 3 рет жиілікпен Таиландтағы ең ірі курорттық арал Пхукетке тікелей тұрақты рейстер ашады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жаңа әуе қатынасы қазіргі Алматы-Пхукет-Алматы аптасына 5 рет орындалатын және 26 қазаннан бастап күн сайын қатынайтын тікелей рейсіне қосымша енгізіледі.
- КС163 рейс Астанадан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сағат 21:40-та ұшып кетеді және Пхукетке 07:45 + ұшып барады.
- Қайтар КС164 рейс Пхукеттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері сағат 09.30-да ұшып кетеді және Астанаға 16: 10-да ұшып келеді.
- Ұшу ұзақтығы – 8 сағат 05 минут, кері қарай – 8 сағат 40 минут
Рейстер заманауи тар фюзеляжды A321LR ұшағымен орындалады: бизнес-класында 16 орын және эконом-класында 150 орын бар. Бизнес-кластағы жоғары сапалы, толық жайғастырылатын креслолар мен экономикалық кластағы эргономикалық креслолар жолаушыларға жоғары жайлылықпен жол жүруге мүмкіндік береді және ойын-сауық жүйесі бар жеке мониторлармен жабдықталған, – делінген компания хабарламасында.
Екі жаққа да билеттер құны эконом-класта 334 мың 144 теңгеден басталады. Билеттерді сату ашық, оларды әуекомпанияның сайтында немесе авторизацияланған агенттіктер арқылы сатып алуға болады.