Halyq Uni логотип
×

Заңның шикілігінен қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алуда қиындыққа ұшырайды

Бұл білім беру беру, еңбек, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты

 Дәурен Ерболат 23.08.2024 | 12:29
Заңның шикілігінен қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алуда қиындыққа ұшырайды
Фото: ОКҚ

Бүгінде заңдардағы қарама-қайшылықтан қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алуда қиындыққа тап болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бюрократия көрінісі заңды сақтамаумен ғана шектелмейді.

Бұған бірқатар себеп пен жағдай әсер етеді. Мысалы, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру ережелері өткен жылдың тамызынан бастап бекітілген жоқ. Жалпы мұндай жағдай мемлекеттік қызметтің 26 түрімен байланысты, - деді Салауат Мүксімов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Төрағаның орынбасары заңның шикілігінен қазақстандықтан кейбір мемлекеттік қызметті алуды кедергіге тап болатынын ашық айтты.

Мемлекеттік қызметтің 120-дан аса түрін алу кезінде адамдар нормативті құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарға тап болады. Бұл білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс, әділет, ішкі істер, қаржы, сауда, туризм және спорт, мәдениет және ақпарат салаларына әсер етеді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама