Halyq Uni логотип
×

Құлжа тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Шектеу 2 күнге енгізіледі

 Дәурен Ерболат 23.08.2024 | 11:41
Құлжа тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады
Фото: Halyq Uni, қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Уақытша шектеу жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жол айырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жол айырығына дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Солтүстік бағытта шығыс айналма жолы және Халиуллин көшесімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады.

Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама