Астанада көшпенділер ойындарына арналған мурал пайда болды
Халықаралық жарыс биыл 8-14 қыркүйек аралығында өтеді
Елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мурал ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жаңа мурал Триатлон саябағында орналасқан. Ол Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған.
Муралдың биіктігі – 4 метр. Онда жамбы атайын деп нысананы көздеп тұрған ер адам бейнеленген.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық жарыс.
Биыл Астанада өтетін маңызды іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Онда 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.