Halyq Uni логотип
×

Сақ дәуірінің ескерткіштері мемлекетке қайтарылды – Бас прокуратура

Жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады

 Динара Амантай 23.08.2024 | 10:39
Сақ дәуірінің ескерткіштері мемлекетке қайтарылды – Бас прокуратура
Фото: Halyq Uni

10 млн доллардан астам заңсыз жиналған байлыққа қатысты алғашқы сот актісі орындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінің активтерінің заңдылығын талдау кезінде онымен үлестес азаматтарда шығу көзі белгісіз активтері анықталды.

Биыл ведомство 10 млн АҚШ долларынан астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырып, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Cот шешімін орындау аясында қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттары мемлекет кірісіне айналдырылды, – делінген Комитет хабарламасында.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанын айта кету керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама