Қырғызстан экспорттаушылардың беделіне нұқсан келді деген пікірде
Қордай шекарасындағы жағдайға байланысты Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нормаларын бұзды деп айыптады.
Қырғызстан министрлігінің мәліметінше, биыл 3 маусымда мемлекеттік органдардың қатысуымен, Кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) Мақсат Мамытқанов бастаған топ Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер органдарының өкілдері қырғыз-қазақ шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін (Қазақстан жақтан «Ақ тілек» өткізу бекеті, Қырғызстан жақтан «Қордай», «Қарасу» өткізу бекеттері) аралаған.
«Сапар барысында «Қордай» және «Қарасу» бақылау-өткізу пункттерінде ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидаттары мен нормаларына қарамастан Қазақстан Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) қызметкерлері өз қызметін жүзеге асырғаны анықталды. Сондай-ақ ҚР МКК барлық жүк көлігіне қатысты салықтық іс-шаралар жүргізетіні дәлелденді», - деп жазылған Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі таратқан хабарламада.
Қазақстан шекара қызметінің дерегінше, 2022 жылғы мамырда "Карасуу" бақылау-өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға 22 369 жүк көлігі өткен (орта есеппен 5 минутта импортқа 1 жүк көлігі өткен).
Алайда Қырғызстан шекара қызметі мен Қазақстан МКК есебінше, "Карасуу" бақылау-өткізу пункті арқылы шамамен 15-20 минутта тек бір жүк көлігі өткен (мамырда шамамен 2880 жүк көлігі өтуі тиіс болған).
«Қазақстанның мемлекеттік кірістері комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі берген мәліметтер қате деп танылды, деректерде алшақтық бар. Осыған байланысты делегация қазақстандық тарап ұсынған деректердің дұрыс еместігін, оның күмән тудыратынын жеткізді. Сондай-ақ олар бұл жағдайды қырғызстандық экспорттаушылардың беделін түсіру үшін деректер бұрмаланған деп қарастыратынын атап өтті. Бұл фактілерді қос тараптың жүк көліктерінің жүргізушілері ұсынды», - деп жазылған хабарламада.
Делегация Қырғыз тарапы ЕАЭО нормаларын сақтайнына көз жеткізгенін атап өткен.
«Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қазақстандық тарапты ЕАЭО туралы шарттың нормалары мен ережелерін сақтауға, сондай-ақ ЕЭК комиссия алқасы 2020 жылғы 9 маусымда бекіткен тосқауылды жою бойынша түбегейлі шараларды қабылдауға шақырды», - деп жазылған хабарламада.