×

ҚМА онлайн-казино ұйымдастырған шетелдіктерге іздеу жариялады

Олар қылмыстық жолмен 3,8 миллиард теңге заңсыз табыс тапқан

 Динара Амантай 23.08.2024 | 09:55
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі елімізде онлайн-казино ұйымдастырған шетел азаматтарына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.

  • ⏺Ресей Федерациясының азаматы – Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
  • ⏺Украина азаматы – Юдина Марина, 1999 жылы туған;
  • ⏺Қазақстан Республикасының азаматы – Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы – Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды, – делінген ҚМА хабарламасында.

Олар қылмыстық жолмен 3,8 миллиард теңге заңсыз табыс тапқан.

Егер іздеудегі азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады:

  • +7-701-577-56-83 – іздеу жұмыстары бойынша,
  • ⏺+7-701-121-47-65 – іздеу жұмыстары бойынша,
  • +7-727-279-20-86 – кезекші бөлім.

Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама