Аталған дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлады Halyq Uni.
Биыл тамыздағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды. Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 келіге жуық гашиш алынды, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.