Танымал әнші қамауға алынуы мүмкін

Халық үні

Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім, дейді ол

Фото: instagram.com/altynbek_tashimbetov/

Желіде Әнші Алтынбек Тәшімбетовтің ауруханада шу шығарғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Дауға қатыст пікір білдірген әнші әкімшілік жазаға тартылып немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Halyq Uni Nege порталына сілтеме жасап.

Әнші порталға берген сұқбатында мән-жайдың қалай болғанын айтып берген. Оның сөзінше, оқиға болған күні караокеге барған, соңында бір себептермен күзетші жігіттермен келіспей қалған. Әнші күзетшілердің біреуі жұдырық жұмсағанын, ернінен қан тоқтамай қойғанын айтқан. Содан кейін оны ауруханаға жеткізген.

Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім. Жалаңаш күйде күтіп отырғаныма ашуланып, медициналық көмек дер кезінде көрсетіле қоймаған соң «окошкасын» бүлдірдім. Осындай әрекет жасап, балағат сөз айтқаным үшін әкімшілік жазаға тартылдым. Айыппұл төлейтінім немесе кем дегенде он күнге қамауға алынатыным айтылды. Ақиқаты осы. Бірақ ешкімнің басын жарып, көзін шығармағаным ескеріліп, айыппұл есебінде айыбымды өтейтін болармын деп үміттеніп отырмын, - дейді Тәшімбетов.

Әнші кінәсін мойындайтынын айтты.

Бірақ пабликтерге жалаңаш тұрған күйімді пайдаланып, таратып жібергеніне күйініп отырмын. Әсілінде ауруханаға полицеймен әрі сырт киіммен келген адаммын және олар медициналық көмек көрсетілу қажет болған соң қанға боялған киімімді шешкізген еді. Нәтижесінде жайдың бол көшеде жалаңаш жүрген «чунга-чанга» болдым да қалдым, - дейді ол.