Halyq Uni логотип
×

Алматы судьясы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапты

Елдегі тәртіпсіздік тағы бір қазақстандықтың өмірін жалмады

 Халық үні 11.01.2022 | 10:30
Алматы судьясы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапты
фото: Алматы қалалық сотының ФБ парағы

Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мұрат Абраев көз жұмды.

Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абраев Мұрат Советұлының, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болуына байланысты, отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, - делінген Алматы қалалық сотының Facebook парағында.

Мемлекет басшысы қақтығыстар кезінде көз жұмған азаматтардың туған-туыстары мен отбасыларына көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ ол қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатынын жеткізген еді.

Атап өтсек, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге еліміздің өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласты. Жағдай ушыққандықтан Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ел аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар мен күш құрылымдарының қызметкерлері мерт болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама