Қостанай облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Дәурен Ерболат

Мамандар баланы 5 күн іздеген 

Фото: Halyq Uni

Бейімбет Майлин ауданы Козыревка ауылында жоғалып кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар Тобыл өзеніне батып кеткен 8 жастағы ұлдың денесін тапты. 

Баланы іздеуге ТЖМ құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер тартылып, кеме мен дрон да пайдаланылған.

Су астында 63 мың шаршы метр, жерде 80 шақырым жер тексерілген.