Қостанай облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды
Мамандар баланы 5 күн іздеген
Бейімбет Майлин ауданы Козыревка ауылында жоғалып кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар Тобыл өзеніне батып кеткен 8 жастағы ұлдың денесін тапты.
Баланы іздеуге ТЖМ құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер тартылып, кеме мен дрон да пайдаланылған.
Су астында 63 мың шаршы метр, жерде 80 шақырым жер тексерілген.