×

Қазақстандықтардың жартысынан көбі АЭС салуды қолдайды – сауалнама

Сауалнамаға 1200 респондент қатысқан

 Дәурен Ерболат 22.08.2024 | 16:33
Фото: Коммерсантъ/ Олег Харсеев

Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі АЭС салуды қолдайды. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жариялаған әлеуметтік сауалнамада жазылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл 7-18 тамыз аралығында институттың тапсырысы бойынша телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Оған 1200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Жалпы сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайтынын айтты. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады және олар 2030 жылға қарай бұл нысан электр тапшылығы мәселесі шішіледі деп сенеді, - деп жазылған хабарламада.

АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.

Сондай-ақ әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасамаған.

Сонымен қатар респонденттердің жартысы (51,0%) өздерін АЭС құрылысына қатысты референдумда «қолдау» немесе «қарсы» деп дауыс беру үшін жеткілікті ақпарат пен білім деңгейіне ие деп санайды. Респонденттердің тағы 12,2%-ы толық емес ақпаратқа ие екенін мойындайды, - деп жазылған хабарламада.

Сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдем ешқандай ақпаратқа ие емес, ал 5,2%-ына жауап беруге қиналған.

Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысуға толық ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысу мүмкін екенін айтты.

Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатыспауды жоспарлайды, ал 8,9%-ы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналған.

Бұған дейін Астанада атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама