×

Алматы іргесіндегі 14 мыңға жуық нысан рұқсатсыз салынған

Басқа қалаларда мұндай деректер сирек болса, Алматыда көптеп кездеседі

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2022 | 16:09
фото: ашық дереккөз

Алматыда рұқсат құжатынсыз 14 мыңға жуық нысан салынған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Айта кетсек, Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Булавкина министрге рұқсат құжаттарынсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты сұрақ қойған болатын.

«Соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Сондағы елді мекендерде заңдастырылмаған нысандар көп кездеседі. Осы орайда 14 мыңға жуық нысанға қатысты рұқсат құжаты рәсімделмеген. Басқа қалаларда мұндай деректер сирек болса, Алматыда көптеп кездеседі», - деп жауап берді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама