Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында тұрғындар эвакуацияланды

Төтенше жағдай болды

 Қымбат Елтайқызы 22.08.2024 | 14:29
Жамбыл облысында тұрғындар эвакуацияланды
фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында өрт кезінде тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер отқа оранды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 тұрғынды баспалдақ арқылы эвакуациялады. 20 шаршы метр алаңдағы тұрмыстық заттардың жануы толығымен сөндірілді, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Зардап шеккендер жоқ. Жалынның себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама