Halyq Uni логотип
×

МӘМС-ті реформалау туралы петиция: Сқақов пікір білдіруден бас тартты

Кейбір қазақстандықтар МӘМС жүйесін өзгерту керек деген ұстанымда

 Дәурен Ерболат 22.08.2024 | 13:33
МӘМС-ті реформалау туралы петиция: Сқақов пікір білдіруден бас тартты
Фото: Halyq Uni

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов МӘМС-ті реформалау туралы петицияға қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Петициядағы бірінші талап бірнеше жерде еңбек етіп жүрген адамның тек бір айлығынан МӘМС жарнасына аударуға қатысты.

МӘМС жарнасына төленетін соманың жоғары шегі бар. Бірнеше жерде жұмыс істеген күннің өзінде ол ай сайын 17 мың теңгеден артық жарна төлемейді.Себебі, МӘМС жарнасы алынатын ең жоғары табыс 850 мың теңге деп көрсетілген, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Екінші талап – кәсіпкерлердің жұмысы тоқтаған кезде оларды МӘМС жарнасын аударудан босату.

Кәсіпкердің жұмысы тоқтап қалса, ол өзінің қызметін уақытша тоқтатуға құқы бар. Қызмет тоқтатылса, салық пен МӘМС жарнасы, тиісті декларация да тоқтатылады, - деді төраға.

Үшінші талап – әрбір қазақстандық өзі аударған жарнаны жинақтап, керек болған жағдайда жақын адамына аударуға рұқсат беру.

Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ынтымақты модель үлгісінде жұмыс істейді. МӘМС жарнасын басқа адамға беру немесе ұсыну (заңда) қарастырылмаған. МӘМС жүйесінің негізгі қағидаты осындай. Мысалы, сенің аударған жарнаң медициналық көмекке мұқтаж адамға жұмсалады. Ал сен медициналық көмекті қажет еткенде өзгелердің жарнасы жұмсалады. Алайда мен петиция туралы ресми пікір білдіргім келмейді. Бұл алдын ала шешім немесе сарапшының көзқарасы болып қабылдануы мүмкін. Әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Бұған дейін қазақстандықтар МӘМС жүйесін өзгертуді талап етіп, петиция жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама