Токиоға әуе рейстері ашылады
Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды
Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстер ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.
Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді, – делінген ААК хабарламасында.
Айта кетсек, Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды.
Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.