Олар хабарласқан жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау сұралады
Антикор мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – делінген Агенттік хабарламасында.
Ведомство өкілдері осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.