Олар мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам залал келтірген
Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулаған екі ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотта анықталғандай, 2024 жылдың ақпанында айыпталушылар алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Ол үшін олар Ақтоғай өңіріндегі Ертіс өзенінің жайылмасын – жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған. Олар өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққан. Олар 3 жасар еліктің өлексесін алып кетіп қалмақ болған сәтте полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Сотталушылар мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам залал келтірген. Олар өз кінәсін толық мойындап, өкінді.
Сот бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген К.-ны 4 жылға, С.-ны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар 7 жылға аң аулау құқығынан айырылды, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.