Halyq Uni логотип
×

«Исламда айтылмаған»: 40 жасты неге тойлауға болмайды?

Қайрат Әділгерей 40 жасын «не болар екен» деп әдейі думандатып өткізген...

 Халық үні 22.08.2024 | 08:02
«Исламда айтылмаған»: 40 жасты неге тойлауға болмайды?
фото: akwatoria.ru

Қазақ ұғымында 40 саны – киелі. «Қызға қырық үйден тыйым», «қырқында қылық шығарды», «сәбиді қырқынан шығару», «марқұмның қырқын беру» сынды сөздер бекер айтылмаса керек, деп хабарлайды Halyq Uni «Еуразия-1» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар адамның 40 жасқа толған мерейтойды атап өтуге байланысты қоғамда әлі күнге талас-тартыс пікір бар. Бірі «40 жасты тойлағанда тұрған ештеңе жоқ» десе, енді біреулер «40 жасты тойлау өте қауіпті» екенін айтады. Осы мәселеге байланысты телеарна тілшілері арнайы мамандар мен қарапайым халыққа сұрау салып көрген.

Қазақ үшін 40 саны – өте қасиетті. Сәбиді қырқынан шығаратыны – оның сүйегіне ет бітіп болатын уақыты. Ал қайтыс болған кісінің сүйегінен еті толық ажырап бітеді деп қырқын береді, – дейді этнограф Тұрар Шәкен.

Ал әзілкеш Қайрат Әділгерей 40 жасын «не болар екен» деп әдейі думандатып өткізген. «Әзірге ештеңе болмады» деп қылжақтап отыр ол.

Нумеролог Құралай Бақыт болса, 40 жас адамның тағдыр саны екенін айтады. «40-тың мәні – өте үлкен. Адам 40 жаста ақылы толысып, қалыптасады» деген ол бұл жасқа аса мән беру керектігін алға тартты.

Туған күнді тойлау-тойламау Исламда айтылмаған. Сондай-ақ Исламда 40 жас туралы тек пайғамбарға қатысты айтылады. Пайғамбарға уахи 40 жасынан бастап келген, - дейді дінтанушы Кеңшілік Тышқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама