×

Қазақстандық 16 ЖОО QS WUR әлемдік рейтингіне енді

Соңғы 3 жылда беделді рейтингтегі университет саны 2 есеге өсті

 Динара Амантай 09.06.2022 | 15:26
Фото: kaznu.kz

Әлемдегі ең беделді университет рейтингтерінің бірі саналатын Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне қазақстандық 16 ЖОО енді. Соңғы 3 жылда беделді рейтингтегі университет саны 2 есеге өсті: 2018 жылылы рейтингте 8 отандық ЖОО болса, 2021 жылы 14 білім ордасы орналасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік 150 университетінің қатарына енді. Бір жылдың ішінде университет көрсеткіштерін жақсартып, 175-орыннан бірден 25 позицияға көтерілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 51 сатыға көтеріліп, алғаш рет ТОП-үшжүздіктің қатарына кіріп, осылайша ЖОО 277-орыннан көрінді. Satbayev University шамамен 100 позицияға көтеріліп, QS WUR рейтингінің 405-орынға орналасты. Сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де өз жұмысын айтарлықтай нығайтты. Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізімін Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті толықтырды.

Биыл қазақстандық 16 ЖОО QS WUR рейтингіне енді, былтыр олардың саны 14 болатын. Ал оған дейін 8 университет болды. Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times академиялық рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл екеуі де өте беделді рейтинг. Осының барлығы қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.

Айта кетсек, QS WUR әлемнің үздік университеттерінің тізімі 2004 жылдан бері жарияланып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама