Halyq Uni логотип
×

Құрдастарын пышақтаған жасөспірім қамауға алынды

Жанжалға қатысқан балалардың ата-аналары да жауапқа тартылды

 Динара Амантай 21.08.2024 | 17:40
Құрдастарын пышақтаған жасөспірім қамауға алынды
Фото: Halyq Uni

Құрдастарын пышақтаған жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 тамызда Сәтбаевта жасөспірімдер арасында жанжал болған. Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады.

Күдікті жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар, жанжалға қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама