×

Астана – Нью-Йорк тікелей рейсі қашан іске қосылады?

Boeing компаниясы ұшақтарды құрастырып үлгере алмай жатыр

 Дәурен Ерболат 21.08.2024 | 15:01
Фото: Halyq Uni

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана – Нью-Йорк тікелей рейсі қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қателеспесем, былтыр Air Astana 2 Boeing, 2 Dreamliner ұшағын (сатып алу) бойынша келісімшартқа қол қойды. Қазір сол рейстерді күтіп отырмыз. Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін осы ұшақтар жеткізілуі керек. Үлгерсек, 2025 жылы (рейстерді іске қосамыз). Себебі, қазір Boeing компаниясы жаңа ұшақтарды жасап үлгермей жатыр. Кешіксек, 2026 жылы АҚШ-қа ұшатын тікелей рейстер (іске қосылады). Air Astana осы ұшақтарды тек өз қаражаты есебінен сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл – нақты жауап, – деді Талғат Ластаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе билеті қандай себептерге байланысты қымбаттайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ вице-министр Қазақстанда әуе рейстері неге жиі кешігетінін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама