Halyq Uni логотип
×

Ұшаққа домбыра алып кіру үшін қосымша ақша төлеу міндетті ме?

Мұндай тәжірибе әлемде бар

 Дәурен Ерболат 21.08.2024 | 14:38
Ұшаққа домбыра алып кіру үшін қосымша ақша төлеу міндетті ме?
Фото: Halyq Uni

Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога ұшаққа домбырамен кіру үшін жолаушы тағы бір орынға төлеуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист вице-президентке «Менің қолымда домбыра бар. Бұл музыкалық аспаппен ұшаққа отыру үшін қосымша ақша төлеу керек пе?» деп сұрақ қойды.

Александр Небога жолаушы қосымша орын үшін ақы төлеуге міндетті екенін айтты.

Біз ұшақ резіңке сияқты созылмайтынын білеміз. Әуе кемесінде багаж бен қол жүгіне арналған орындар бар. Алайда онда олардың көлемі мен салмағы бойынша белгілі бір шектеулер қарастырылған. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат етіледі. Ол үшін қосымша орын сатып алу қажет. Бұл әлемде бар тәжірибе. Оны барлық әуе компания қолданады, – деді Air Astana басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама