Ол шетелдіктің ақшасын алаяқтықпен иемденген
Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикордың мәліметінше, ол Өзбекстан Республикасы азаматына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге уәде беріп, оның 200 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген.
Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.