×

Головкин әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен жұдырықтасуы мүмкін

Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді

 Халық үні 21.08.2024 | 06:32
Фото: boxingnews.com

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni Kazinform-ға сілтеме жасап.

boxingnews.com сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. 

Басылымның жазуынша, Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Сондай-ақ оған 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.

Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді. Ықтимал айқас Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес (61-2-2,39КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Алвареспен 168 фунд салмағында бокстасады. Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет қолғап түйістірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама