×

Эквадордан әкелінген мыңнан аса раушан гүлі өртелді

Зертханада алынған үлгілерде карантиндік объект бар екені расталды

 Динара Амантай 20.08.2024 | 17:33
Фото: видеодан скриншот

Батыс гүл трипсі анықталған 1100 раушан гүлі жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өсімдіктерді қорғау және карантин инспекциясының Қарағанды облыстық территориялық инспекциясының мемлекеттік инспекторы жүргізген бақылау шаралары барысында раушан гүлдерінің бірқатар партиясында батыстық гүл трипсі табылды. Осындай зиянкестер анықталған раушан гүлдер Эквадордан әкелінген, – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Зертханада алынған үлгілерде карантиндік объект бар екені расталды.

Карантиндік объектілермен жұқтырылған өнімді алу және жою туралы ережелерге сәйкес, 1150 раушан гүл өртелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама