Halyq Uni логотип
×

Сарапшы шағын және орта бизнес неге дамымай жатқанын айтты

Кәсіпкерлерді тексеруші орган көп

 Дәурен Ерболат 20.08.2024 | 17:22
Сарапшы шағын және орта бизнес неге дамымай жатқанын айтты
Скрин видео

Экономист Сапарбай Жобаев Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі неге артпай отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«.... Бүгінде бәрі тексеруші. Мысалы, Антикор, Қаржылық мониторинг агентігі, Қаржылық комиссия, Жоғары аудиторлық палата және салықшы бар. Мысалы, өнеркәсіпте жұмыс істейтін болсаңыз, сізді жоқ қылдырғысы келсе, оны істей алады. Қазір кіммен қалай сөйлесу керегін білмейсің. Қазіргі жағдай осындай...

Елімізде неге шағын және орта бизнес неге өспей жатыр деп сұрайды. Бұл салаға осынша қаржы бөлініп, дамып жатыр дейміз. Алайда (ШОБ-тың үлесі) 30-35%-дан аспайды. Демократриялық мемлекеттерде бұл көрсеткіш – 70-80%. Себебі, елімізде (бизнесті) реттейтін, бақылайтын органдар өте көп», - деді Сапарбай Жобаев Youtube-тағы «Сұрауы бар» арнасына берген сұхбатында.

Сарапшы бизнесті тексерін мекемелерді азайту керек деген пікірде. Бұл өз нәтижесін беруі мүмкін.

«Бұрын Индонезияда осыған ұқсас жағдай болған. 1960 жылдары елді Сукарно деген президент басқарды. Ол елдегі жемқорлықты тоқтатайық деп тексеруші органдарды, министрліктерді аша берді. Кейін министрліктерді қысқартатын министрлік ашуға мәжбүр болды. Бұл мәселенің шешімі қандай? Мысалы, жерді сол жерде тұратын халыққа яғни диқанға ашық түрде беруіміз керек. Жерді 10, 100 диқанға берсек, оның 40-ы жұмыс істесе, оның өзі біз үшін жеңіс саналады. Қалған 50-60-ы жұмыс істей алмаса, жерін еңбек етіп жүрген адамға сатады...», - деді экономист.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама