Halyq Uni логотип
×

Каспий жағалауындағы жер мемлекетке қайтарылды

Учаскенің кадастрлық құны – 445 млн теңге

 Динара Амантай 20.08.2024 | 16:46
Каспий жағалауындағы жер мемлекетке қайтарылды
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Каспий теңізінің жағалауындағы 50 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маңғыстау облысында жергілікті ЖШС мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыруға арналған ауданы 50 гектар жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай келген. Жердің кадастрлық құны – 445 млн теңге. Ол Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан.

Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар жер ресурстарын басқару департаментінің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама