Бағдарлама шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған
Биылғы оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, аталмыш бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі.
Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді, – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетсек, осы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамызда жарияланды.