Halyq Uni логотип
×

Kaspi банк клиенттеріне бөліп төлеудің жаңа мүмкіндігін ұсынады

Жаңа Kaspi Red+ бөліп төлеу арқылы тиімді зат сатып алуды ұнататындарға арналған

 Халық үні 20.08.2024 | 13:40
Kaspi банк клиенттеріне бөліп төлеудің жаңа мүмкіндігін ұсынады
Фото: Kaspi банк

Жаңа Kaspi Red+ өнімінде енді 4 айға бөліп төлеу мүмкіндігі, 500 000 теңгеге дейінгі сауда лимиті және қосымша бонустар бар, деп хабарлайды Halyq Uni.

Kaspi Red+ қызметіне қосылып, тиімді сауда жасауды Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы бір-ақ минутта бастауға болады. 

Біз сүйікті клиенттеріміз үшін Zara, Bershka, Pull&Bear, Oysho, Stradivarius, Massimo Dutti, Mango, Marwin, LC Waikiki, MonAmie, Swarovski және басқа да танымал дүкендерде Kaspi Red+ арқылы жасалған сатып алуларға 10% бонус науқанын іске қостық. Науқан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Сүйікті клиенттерімізге тиімді зат сатып алуды, ал серіктестерімізге сәтті сауда тілейміз, - делінген банктің ақпаратында.

Айта кетейік, Kaspi Red+ті қалай қосуға болатынын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында Гид қызметінен білуге болады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама