Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында тергеу департаменті басшысының орынбасары сотталды

Ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

 Динара Амантай 20.08.2024 | 11:51
Қызылорда облысында тергеу департаменті басшысының орынбасары сотталды
Фото: видеодан скриншот

Алматы қалалық сотында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкеновке қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, айыпталушылар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласындағы кәсіпорын директорын қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге көлемінде пара беруге итермелеген.

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама