×

Алтынды заңсыз өндірген шетелдіктердің ісі сотқа жолданды

Олар мемлекетке 250 миллион теңгеден аса шығын келтірілген

 Динара Амантай 20.08.2024 | 09:53
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, трансұлттық топтың құрамына 12 адам – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтары кірген. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 250 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.

Тергеу құжаттарына сәйкес, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензия алып, алтынды заңсыз өндірген.

Көлік прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама