Дауыл, бұршақ: 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

Халық үні

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы

фото: nur.kz

«Қазгидромет» РМК 2024 жылдың 20 тамызында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай ойнап, дауыл тұрады, жаңбыр, бұршақ жауады деп күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігіне, солтүстік-батысына түнде және таңертең тұман түседі, – деп хабарлады синоптиктер.

Ал күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.