×

Антикор құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алды

Агенттік 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтауды қамтамасыз етті

 Динара Амантай 19.08.2024 | 17:24
Фото: Halyq Uni

Антикор құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің аумақтық департаменттері 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтауды қамтамасыз етті. Олардың ішінде сумен қамтамасыз ету объектілері, Мамандандырылған ХҚКО, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық объектілер, тұрғын үйлер, жолдарды жөндеу, көпір салу, бөгет гидроторабы мен қазандықты реконструкциялау жұмыстары бар.

Атап айтқанда, Астана қаласында, Ақтөбе, БҚО 10 мектептің, Қызылорда және Түркістан облыстарында 4 мектептің құрылысы аяқталды.

Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын назарға ала отырып, сүйемелдеу шеңберінде 14 ауылда, оның ішінде Павлодар облысында 4, ШҚО-да 3, Жамбыл облысында 3, Қостанай облысында 3 және БҚО 1 су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған, – делінген Антикор хабарламасында.

Агенттіктің бастамасы бойынша ұзақ құрылыстардың проблемалық мәселелері өңірлердің әкімдері жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың 26 отырысында және Қоғамдық кеңестердің 25 отырысында қаралды. Жымқыруға жол бермеу мақсатында алдын алу шараларының кешені, оның ішінде ақпараттық хаттар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде қоғамдық мониторингтер қолданылады.

Агенттік 125 нысанның құрылыс жұмыстарын сүйемелдейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама