×

Атырау облысында әкесі мен ұлы жоғалып кетті

Туыстары құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды

 Дәурен Ерболат 19.08.2024 | 16:56
Фото: ТЖМ

Атырау облысында әкесі мен ұлы балыққа шығып, жоғалып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, 18 тамызда 70 жастағы ер адам 9 жастағы ұлын алып, Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға көлікпен жолға шыққан. Олар ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағандықтан туыстары уайымдап, құтқарушылардың көмек сұраған.

Құтқарушылар әкесі мен ұлын Махамбет аудан Көздіқара елді мекеніне жақын орналасқан «Нарын» каналының бойынан тапты. Автокөліктегі аккумулятор отырып қалғандықтан, олар үйіне қайта алмаған, - деп жазылған хабарламада.

Оларға медициналық көмек керек болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама