Halyq Uni логотип
×

«Зеленстрой Семей» екі жыл бойы қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін аудармаған

Сондай-ақ, салық бойынша қмақты берешегі анықталды

 Динара Амантай 19.08.2024 | 15:48
«Зеленстрой Семей» екі жыл бойы қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін аудармаған
Фото: Halyq Uni

Семей қаласының прокуратурасы «Зеленстрой Семей» ЖШС қызметкерелріне 2 жыл бойы 69 млн теңгеге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған.

Сондай-ақ, аталған кәсіпорында 2022 жылдан бастап 319 млн теңгеге салық берешегі болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшылардың құқығы қорғалды. Бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама